Барғана ұрпақтарының шежіре сайты www.bargana.kz

Бұл сайтта Барғана ұрпақтарының шежіресін көре аласыз


Жеті атаңды білесің бе?

Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Әрбір қазақ жеті атасын жетік білуі міндетті, бұл отбасылық тәлім-тәрбиенің негізі

Жеті ата туралы мақал-мәтелдер

  • "Жеті атасын білмеген – жетесіз"
  • "Жеті атасын білген жетімдік көрмейді"
  • "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер".

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Насаи, Әбу Дәуд, Тирмизи Айша анамыздың (р.а.) былай айтқанын келтірген:

«Алла Елшісі (с.а.с) қызы Фатима келгенде, орнынан тұрып амандасып, сүйіп, қолынан ұстап қасына отырғызатын. Алла Елшісі (с.а.с) келгенде Фатима да (р.а.) құрмет көрсетіп орнынан тұратын. Бірде мединелік сахабалардың үлкені Са‘ду бину Мұғаз келгенде Алла Елшісі (с.а.с) былай айтқан: «Үлкендерің келгенде орындарыңнан тұрыңдар (имам Бұхари).

Қазақстанда саны ең көп ру анықталды.

Қазақстанда саны ең көп ру анықталды. Stan.kz 2013 жылдан бері Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры Баян Рақышев жүргізген зерттеудің нәтижесін жариялайды. Елімізде саны ең көп ру анықталды. Қазақстандағы ең саны көп жүз – Орта жүз (4 681 000 адам), екінші орында – Ұлы жүз (3 618 700 адам), ал үшінші орында – Кіші жүз (2 521 900 адам). Ал ең саны көп рулардың көшін Арғын бастап тұр. Олардың саны 2 090 000 адам. Одан кейін Дулат (1 390 000) пен Байұлы (1 120 000) орналасқан. Сан жағынан әлеуетті рулардың қатарына Найман (940 000), Әлімұы (811 900), Қоңырат (690 000), Қыпшақ (640 000), Жетіру (580 000), Жалайыр (485 000), Қаңлы (380 000), Керей (341 000), Албан (325 000), Шапырашты (290 000) және Ысты (225 000) кірген. Ал ең саны аз рулар: Суан (165 000), Ошақты (160 000), Сіргелі (160 000), Уақ (160 000). Зерттеу қорытындысы бойынша, 1916 жылдан бері басқаларға қарағанда Суан (4,2 есе), Шапырашты (4,14), Албан (4,06), Қыпшақ (4), Жалайыр (3,73) руларының саны артқан. Ал Байұлы (1,34), Әлімұлы (1,6) және Жетіру (1,61) руларының аз өсімдері олардың 30-жылдардың бас кезінде Түркіменстан, Ресей, Өзбекстан аумақтарына жаппай қоныстанып кеткендігімен байланыстырылған.

Ақсақалдар алқасы

Біздің құрметті ақсақалдарымыз

Томашинов Садуақас Әлмағанбетұлы

1944 жылы 8 мамыр айында туылған. Осакаров ауданының құрметті азаматы. Ақсақалдар алқасы төрағасы

Есжанов Бүркітбай

1923 жылы 4 сәуір айында туылған. Авиацияның подполковникі

Сəлин Əшім Əлжаппарұлы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьялар одағының құрметті мүшесі. Құрмет Орденінің иегері.

Мейрамов Бақтияр Армияұлы

1957 жылы 1 қаңтар айында туылған. Барғана ұрпақтарының ұйымына еңбегі сіңген ақсақал

Қарымсақ Қизат Бөлтірікұлы

1948 жылы 25 қантар айында туылған. Қарағанды қаласы тұған жері. Абай қаласында тұрады.

Қажы

Омаров Әбдіхалық Төлегенұлы

1953 жылы туылған. Барғана ұрпақтары ақсақалдар алқасы төрағасы

Жайлыбай Әліп

1943 жылы 3 наурыз айында туылған. Барғана ұрпақтарының құрметті ақсақалы.

Хантурин Қуаныш Хамитұлы

1963 жылы 8 маусым айында туылған. Барғана ұрпақтары құрметті ақсақалы

Оразгулов Жомарт Саттыбекұлы

1948 жылы 14 мамыр айында Ростовка аулы Тельман ауданында туғылған. Барғана ұрпақтары құрметті ақсақалы.

Мақтаныштарымыз

Біздің мақтаныштарымыз

Тұтқышев Нариман

Қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қазақстан республикасының чемпионатының жеңімпазы (Қарағанды)

Қазақстан Республикасының кубогының жеңімпазы (Семей)

Азия чемпионатының жеңімпазы (Монғолия)

Қазақстан Спартакиядасының Женімпазы (Ақтөбе)

Қазақстан Республикасының Халықтар ойындарының Жеңімпазы (Ақтау)

Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері фестивалінің жүлдегері (Ақтөбе)

Көптеген Халықаралық турнирлардың женімпазы

Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы ХТ

Бақыт Жаңбырбаев атындагы ХТ

Томашинов Қуат Сәдуақасұлы

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери полиция бөлімі бастығы полиция полковнигі

Біз туралы

Сайтты жасағандар

Абзал Көшкімбаев

Сайтың басында

Аубакиров Айдын

Программист

Хабарласу

Бізбен хабарласу

Мекен жайымыз:

Қазақстан, Қарағанды қаласы

Whatsapp/телефонымыз:

+7 747 796 4478

Loading
Сіздің мәлімдемеңіз жіберілді, Үлкен рахмет!